Қазақстанда 19 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҰҚК аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтардан қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлеріне қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырған.

Осылайша 2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.

"Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Жалпы 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталып, оның ішінде шетелдік қылмыскерлердің жетекшілерінің көмекшілері де бар. Олардың 40-ы сотталып, қалғандарымен сотқа дейінгі тергеулер әлі жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети