Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ішкі істер министрлігі карантин және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блокбекет (Атырау облысы– 4) қойылған.
Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды.
290 карантин нысаны бақылауда", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Қазақстанда коронавирус жағдайының нашарлауына байланысты жаңа шаралар енгізу ұсынылды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!