Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін Фото:elements.envato.com

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда "Шетел тілі" пәні алып тасталатыны айтылған.

10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында "Шетел тілі" пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

"11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети