Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз түседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз түседі

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі атлантикалық циклон мен соған байланысты атмосфералық фронталь аймақ ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада.

Ауа температурасы фонында қысқа мерзімді төмендеу күтіледі:

  • Қазақстанның солтүстігінде түнде –5...–12 градус аяз, күндіз –0...–6 градус аяз;
  • солтүстік-батыста түнде –2...–10 градус аяз, күндіз –0...–5 градус аяз;
  • орталықта түнде –3...–13 градус аяз, күндіз –6 градус аяздан +3 градусқа дейін;
  • шығыста түнде –8...–20 градус аяз, күндіз –0...–10 градус аяз.

Қалған аумақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз болады, дейді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети