Қазақстанда 20 градусқа дейін күн жылынады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 20 градусқа дейін күн жылынады Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда күн жылынады

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді.

"Алайда елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін", - деді синоптиктер.

Ауа температурасы қандай болады?

Күндіз ауа температурасы елдің батысында 10–15 градусқа дейін, оңтүстігінде 15–20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығысында 3–8 градусқа дейін жылынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети