12 қаңтар 2021 10:33

Қазақстанда 2000-жылдардағы аяз қайталанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2000-жылдардағы аяз қайталанды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа температурасы қалыпты жағдайдан төмен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2000-жылдардағы аяз қайталанды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа температурасы қалыпты жағдайдан төмен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" өкілдері Қазақстандағы ауа температурасы осы қыста қалыпты жағдайдан 1-7 градусқа төмен болғанын айтты. Суық ауа ошақтары Ақтөбе және Қарағанды облыстарында тіркелген. Мұнда аяз әдеттегіден 8-10 градусқа күшті болды. Дәл осындай суық 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалған. Ол уақытта температура орташа көрсеткіштерден 10-12 градусқа ауытқыған.

Синоптиктер 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жауын-шашын аз болғанын да атап өтті.

"Республиканың барлық аумағында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткіштен аз болды. 1984 және 2011 жылдары осылай болған", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Ал Нұр-Сұлтандағы айдың ең суық күні 2020 жылдың 21 желтоқсаны болды. Ең төменгі температура -27 градус. Алайда бұл рекорд емес. Елорда тарихындағы ең аязды күн 1929 жылдың 12 желтоқсанында тіркелген. Ол кезде түнде термометр -43,5 градус аязды көрсеткен.

Нұр-Сұлтандағы желтоқсанда болған ең жылы күн - 11-і. Айта кетейік, жылу рекорды 2008 жылдың 7 желтоқсанында тіркелген.

Бұған дейін қарашада Қазақстанда ауа райы рекордтық суық болғаны хабарланған. Әсіресе оңтүстік өңірлер: мұнда әдеттегіден айтарлықтай ерекше температура тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети