2017 жылдың қаңтар айынан бастап ЭЫДҰ елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ҚР-да визасыз тәртіп әрекет ететін 20 экономикалық дамыған елге Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Корея жатады.

Сондай-ақ, жыл сайын Ресей, Түркия, Италия (соның ішінде ЭКСПО Милан-2015 көрмесі сәтті өткізілгеннен кейін), Германия, Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артуда.
"Ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6%-ды құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде саналып отыр", - деп хабарлады ҚР ИДМ.
Министрліктің мәліметі бойынша, елдегі қонақ үйлердің де саны артуда.
"Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақ үй болса, бүгін олардың саны 2 441-ге жетті. Қонақ үйлердің көрсеткен қызметі 2015 жылы 73 миллиард теңгені құраған (5 жыл бұрын 47 ммиллиард теңге болған)", - деп хабарлады ведомствода.
Айта кету керек, ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында еліміздің көрнекті жерлерін қамтитын 73 туристік бағыттар тізімі бекітілді және көліктік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.