Қазақстанда 2017 жылдың бірінші қыркүйегінен жаңа биржа іске қосылады. Бұл туралы бүгін халықаралық ASTEX Astana Smart City форум-көрмесі барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, - деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
"2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бізде жоғары технологиялық жаңа биржа жұмыс істейтін болады. Astana Innovation және Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе оның белгілі бір платформаларын жаңа "блокчей" негізінде жасауымыз мүмкін.Тағы бір маңызды жайт, аталмыш биржада "Самұрық-Қазына" компаниясын жекешелендіру жүргізіледі. Ал бұл компания Қазақстанның ЖІӨ-нің 40 пайызы. Келесі жылы жаңа тәуелсіз қаржы соты, жаңа арбитраж орталығы ашылады. Олар бүкіл посткеңестік кеңістіктегі сот жүйесінің орталығына айналуы ықтимал. Мұнда алғаш рет ағылшын құқығы қағидалары қолданылатын болады. Осының барлығы толыққанды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады", - деді Қайрат Келімбетов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап халықаралық қаржы орталығының қатысушыларын тіркеу басталады.
"Олар бұрын-соңды болмаған жеңілдіктерге ие болады, бұл - визалық және еңбек режімдерінің жеңілдетілген түрі. Егер олар бейінді қызмет түрлерімен - капиталдар нарығы, активтерді басқару, исламдық қаржыландыру, жаңа қаржылық технологиялармен айналысатын болса, 50 жылға салықтан босату сынды жеңілдіктер қарастырылған", - деп атап өтті ол.