02 тамыз 2018 09:03

Қазақстанда 2019 жылдан бастап сырттай білім алу тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aifudm.net © aifudm.net

2019 жылдың қаңтар айынан бастап сырттай білім ару формасы тоқтатылып, ЖОО-лар оқудың бағасын өздері бекітеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің dialog.egov.kz платформасында берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2018 жылдың 4 шілдесінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардағы академиялық және басқарушылық дербестікті кезең-кезеңмен кеңейту мақсатында заң қабылданған болатын.

"Заңға сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырттай білім алу жүйесі тоқтатылады. Бірақ қазір сырттай оқып жүрген студенттер оқуын аяқтауы тиіс. Сондай-ақ, заңда ЖОО-лардың бакалавр бағдарламасын жеделдетілген режиммен аяқтауды көздейтін икемді және біріктірілген білім беру бағдарламасын дайындайтыны айтылады. Және заңда қаржы саясатын реттеу аясында ақылы түрде білім беретін ЖОО-лардың бағасын реттейтін норма жойылды", -  делінген министрдің жауабында.

Министр Ерлан Сағадиев бұл норманың азаматтардың жоғары білім алуына деген мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын айтып өтті. Айтуынша, енді ЖОО-лар білім беру бағдарламасы бойынша және білім беру қызметтеріне қатысты бағаны өздері бекітеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети