15 сәуір 2021 | 12:22

Қазақстанда 2020 жылы бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қазақстанда бір жыл ішінде бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бір жыл ішінде бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда 2020 жылы туған нәрестелер саны бойынша жаңа рекорд орнаған: бірден 460 мыңға жуық бала дүниеге келді. Бұрын бұл көрсеткіш "тұрақты түрде 400 мыңға жуық болған".

Сонымен қатар, сарапшылар білім алу мәселесін де көтерді.

"Бұл баланың бәріне алты-жеті жылдан кейін мектеп керек болады. Барлық ықтимал тетіктерді жылдам қосып, инвесторлар мен құрылыс салушыларды ынталандырмайтын болса, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жағдай нашарлайды.

Демографиялық және көші-қон процестерін ескерсек, қалаларда орта білім беру инфрақұрылымының жетіспеушілігіне байланысты жағдай нашарлауы мүмкін. Мысалы, 2025 жылға қарай орын тапшылығы шамамен 670 мың болады", - деп пайымдайды сарапшылар.

Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша, бүгінде Қазақстанда 7 429 мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 миллионға жуық оқушы оқиды. Оның ішінде 137 мектеп - үш ауысымды, тағы 34 мектеп апатты жағдайда, делінген премьер-министрдің ресми ресурсында.

Рrimeminister.kz деректері бойынша, былтыр еліміздің барлық 17 өңірі бойынша орын тапшылығы 168 мыңнан асқан. Сонымен қатар, "Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығы 264,8 мың деп мәлімдеді.

Бұл сандар елде мектептердің жетіспейтіндігін көрсетеді, дейді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети