Қазақстанда 2025 жылға қарай 100 мыңға жуық IT маманы дайындалады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2025 жылға қарай 100 мыңға жуық IT маманы дайындалады Фото:elements.envato.com

2025 жылға қарай Қазақстан кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарын даярлайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы алаңында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адам біздің басты байлығымыз екені сөзсіз. Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады.

Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети