Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшы болуы мүмкін - Энергетика министрлігі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшы болуы мүмкін - Энергетика министрлігі Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов тау-кен және балқыту кәсіпорындары белсенді түрде көмірден газға көшетін болса Қазақстан 2025 жылға қарай газ тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов тау-кен және балқыту кәсіпорындары белсенді түрде көмірден газға көшетін болса Қазақстан 2025 жылға қарай газ тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2017-2021 жылдар аралығында ішкі газ тұтыну 4,8 миллиард текше метрге, 13,8-ден 18,6 миллиард текше метрге дейін өскен. Сонымен бірге, оның айтуынша, газ тұтынудың орташа жылдық өсімі шамамен жеті пайыз.

"Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін. Алайда тау-кен металлургия кәсіпорындары көмірден газға белсенді көшетін болса, онда тапшылықтың көлемі де ұлғаяды. Осы жағдайларда елдің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе туындайды, ол үшін газды барлау, өндіру және қайта өңдеу сияқты барлық кезеңдерде газ жобалары үшін преференциялар қажет. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвесторларды ынталандыру бағасын беру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Ақшолақов Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Министр 2021 жылдың қорытындысы бойынша шикі газ өндіру 53,8 миллиард текше метрге жеткенін айтты. Оның ішінде үш ірі жобаның үлесіне газ өндірудің 81 пайызы тиесілі. Ақшолақов атап өткендей, өндірілген жалпы газдың 32 пайызы қысымды ұстап тұру үшін кері айдалды, 20 пайызы жер қойнауын пайдаланушылардың өз қажеттіліктеріне, электр энергиясын өндіруге және кәдеге жаратуға пайдаланылды, сондай-ақ 48 пайызы тауарлық газға қайта өңделді.

"2030 жылға қарай болжамдық деректерге сәйкес шикі газ өндіру 87,1 миллиард текше метрді құрайды, оның ішінде үш ірі жобаның өндіру үлесі 83 пайыз. Сонымен қатар, өндірілген 87,1 миллиард текше метр газдың тек 42 миллиард текше метрі тауарлық газға қайта өңделетін болады. Қалған газ қайтадан қабатқа айдалады (47 пайыз) және өз мұқтаждарына пайдаланылады (15 пайыз). Қазіргі уақытта біз газ айдаудың үлкен көлемінің орындылығын қайта қараумен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, Қарашығанақ жобасы бойынша өндірілетін газдың 19 миллиард текше метрінің жартысына жуығы қайтадан қабатқа айдалады", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Ақшолақов Президенттің тапсырмасы бойынша шетелдік инвесторлар Кеңесімен бірлесіп жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшартты әзірлеу шеңберінде газды өндіру және өңдеу кезеңінде салықтық босату және басқа да ынталандыру шаралары түрінде газ жобалары үшін фискалдық преференциялар көзделген.

Ол сондай-ақ, елімізде газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленгенін, онда перспективалы газ учаскелерін дамытудың бірқатар іс-шаралары көзделгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети