Қазақстанда 24 градусқа дейін күн жылынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 24 градусқа дейін күн жылынады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазгидромет" РМК 16-18 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК 16-18 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.

"Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети