22 тамыз 2019 | 17:11

Қазақстанда 25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смағұловтың айтуынша, биыл 10-15 тамыз аралығында еліміздің 27 пунктінде магистратураға тапсыру емтихандары өткен. Емтиханға қатысуға 30 579 өтініш келіп түскен, олардың 28 131-і ғана тестілеуден өткен.

Сондай-ақ,  ол тестілеу кезінде емтихан ережелерін бұзған 1021 адамның аудиториядан шығарылғанын айтты.

"25 адам біреудің атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған, олар тестілеуге кіргізілген жоқ. Нәтижелері жойылды. Емтиханға кіру кезінде 20 497 смартфон мен электронды құрылғылар алынып, 498 шпаргалка, 373 калькулятор мен тағы басқа құрылғылар алынды", - деді Смағұлов. 

Алматыда магистратураға тапсырған 200-ден астам талапкер тәртіп бұзған

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети