20 шілде 2022 10:46

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар бос және 3 миллион гектар заңсыз берілген жайылымды анықтады, олардың 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, 4 миллион гектары айналымға тартылды.

"Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді", - делінген хабарламада.

Бүгінде елімізде шамамен 15 миллион гектар қоғамдық жайылым жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.

"Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарланып жатыр. Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Еске салайық, сәуірде Қазақстан мемлекетке қайтарылған пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін төрт есеге ұлғайтуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети