Қазақстанда 30 жылға жуық уақыт ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 30 жылға жуық уақыт ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілді? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 29 жылда қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 29 жылда қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстанда ескі КСРО төлқұжаттарының орнына 1994 жылы енгізілді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі елімізде 29 жыл ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені туралы ресми ақпарат таратты.

1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін республиканың Ішкі істер министрлігі жүйесінде 14 962 584 төлқұжат және 41 585 577 жеке куәлік берілген.

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңға сәйкес, кез келген азамат төлқұжатында өз қалауы бойынша ұлтын көрсете алады.

"Ұлты құжатты бірінші рет алған кезде де, оны ауыстырған кезде де көрсетілмеуі мүмкін. Бүгінде бұл құқықты 522 620 азамат пайдаланған", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарын Қазақстан азаматының төлқұжаттары мен жеке куәліктеріне ауыстыру 1999 жылдың 1 наурызында аяқталған.

"Қазақстан Республикасында 1974 жылғы КСРО төлқұжаттары бойынша тұратын тұлғалардың тіркелмегеніне байланысты төлқұжаттарын айырбастамаған азаматтардың саны туралы мәлімет беру мүмкін емес", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, республика азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігімен тұруы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады: күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімге – ескертуге, бір айдан астам мерзімге – айыппұл салуға әкеп соғады - 7 АЕК (24 150 теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети