02 желтоқсан 2016 | 13:08

Қазақстанда 30 мыңға жуық жазасын өтеушіге рақымшылық жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eastuday.ua © eastuday.ua

Қазақстанда 30 мыңға жуық қылмыскерге рақымшылық жасалады. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоганн Меркель мәлiмдедi, - деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.  


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 30 мыңға жуық қылмыскерге рақымшылық жасалады. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоганн Меркель мәлiмдедi, - деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.  

Бүгiн Мәжіліс рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады.

"Бiз заң күшiне енген кезде, нақты қанша адамға рақымшылық жасалатынын қазiр айта алмаймыз. Бүгiнгi таңда Қазақстанда тергеу үшiн қамауға алынғандармен қоса, түрмеде отырған қылмыскерлердiң жалпы саны 36 мың адамды құрайды. Олардың шамамен 1800-i бостандыққа шығады. Дегенмен, қамаудан басқа жазаға кесiлгендер де бар. Олар - айыппұл салынғандар, шартты жазаға, қоғамдық жұмысқа тартылғандар, пробациядағы қылмыскерлер. Болжам бойынша, барлығы 30 мың адамға рақымшылық жасалады. Рақымшылық мерзiмi алты айды құрайды", - дедi Меркель. 

Ал, Мәжiлiс депутаты Нұрлан Дулатбеков те рақымшылық тек изоляторда немесе түрмеде отырғандарға ғана жасалмайды дедi.

"Яғни, бұл түрмеде отырған 30 мың адамның барлығы босап кетедi деген сөз емес. Бұл сан шартты түрде айтылып отыр. Бұл сан әлi азаюы немесе көбеюi мүмкiн", - дедi Н.Дулатбеков. Сондай-ақ, депутат биылғы рақымшылық тәуелсiздiк жылдарындағы тоғызыншысы екенiн айтты.

"Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында елiмiзде тоғыз рет рақымшылық жасалған. Биылғы жасалып отырған рақымшылықтың ерекшелiгi - ол Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына тұспа-тұс келуi. Қоғамда бiздiң азаматтарымыз қылмыс жасады, кiнәлi болып танылды, бiрақ үлкен мерекенiң алдында осындай рақымшылық жасалмақ. Рақымшылық жалпы түрде жасалады, нақты бiр фамилияларға, бiр адамдарға бағытталмайды. Нақты қандай қылмыстарға бағытталуы керек соны ендi талқылаймыз", - дедi Н.Дулатбеков.

Депутаттың айтуынша, бұл жерде рақымшылық "кәнiгi" қылмыскерлер, терроризм немесе тағы да басқа ауыр қылмыс жасағандарға емес, аса ауыр емес қылмыс жасағандарға, жасөспiрiмдерге, жүктi әйелдерге, тағы да басқа қоғамдық қаупi жоқ қылмыс жасағандарға бағытталуы мүмкiн.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети