Қазгидромет 9, 10, 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азаматтар қыстың алғашқы лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон келеді.
Осылайша алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады.
Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде 22-30 градусқа дейін, шығыста 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 10-20 градус аязға дейінтөмендейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!