Қазақстанда 36 мың мас адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 36 мың мас адам көлік жүргізу құқығынан айырылды ©Tengrinews.TV

2014 жылы Қазақстанда 36 мың адам көлік жүргізу құқынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, барлығы 10 миллиард теңге айыппұл салынған.   

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылы Қазақстанда 36 мың адам көлік жүргізу құқынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, барлығы 10 миллиард теңге айыппұл салынған.   

"Ішкі істер органдары мас күйінде көлік жүргізген 38 мың жүргізушіні ұстады, оның 36 мыңы жүргізу құқынан айырылды", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары жыл басынан бері заң бұзған 8 мың жүргізушінің қамалғанын айтты, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп.  

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айынан бастап "Жол қозғалысы ережелері туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты мас күйінде көлік жүргізу жазасы күшейтілген еді. Сонымен, мас күйінде көлік жүргізу жазасы ретінде көлік жүргізу құқынан 3 жылға, қайталап бұзған жағдайда 6 жылға айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамау қарастырылған. Ал үшінші заңбұзушылық болған жағдайда жүргізу құқынан 10 жылға айырылып, 30 тәулікке қамау белгіленген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети