2019 жылы 1 шілдеден бастап сараланған тәсілді қолдана отырып, бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 169,7 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2019 жылы 1 шілдеден бастап сараланған тәсілді қолдана отырып, бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 169,7 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық экономика министрлігі аудандық, облыстық деңгейлерде, ауылдарда тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларын есептеу үшін коэффициенттерді көбейту жолымен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне түзетулер енгізеді. Шамамен 37 мың мемлекеттік қызметшіні қамтиды. Орта есеппен өсім - 25 пайыз, бұл ретте мамандар үшін - 25 пайыздан 30 пайызға дейін, бөлімше басшылары үшін - 10 пайыздан 15 пайызға дейін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жұмыстарды азаматтық қызметкерлер бойынша жүргізіп жатыр", - деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді талқылауға қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде 2019 жылы 1 шілдеден бастап атқарушы органдардың төменгі қызметкерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы 30 пайызға көтерілетінін жариялады. Бюджет қызметкерлерінің жалақысын арттыру бағдарламасы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларында жұмыс істейтін 1 миллион азаматтық қызметкерлерге қатысты айтылған.