Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері әлі күнге дейін 37 үй су астында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері әлі күнге дейін 37 үй су астында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, судың тасуына байланысты 519 үйден су сорылды. Сонымен қатар, эвакуацияланған 1024 адамның 935-і өз үйлеріне оралған.
Астана, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстарында 1573749,62 текше метр су сорылды, соңғы күндері жалпы ұзындығы 2500 метрге жететін уақытша бөгет тұрғызылды.
Қостанай облысындағы Сурикова ауылында 25 аула мен 20 үй әлі су астында қалып отыр. Арнайы сорғымен сорылған су Шынсай арқылы Тобыл өзеніне бағытталатын болады, оның арақашықтығы - 35 шақырым, ал басқа аудандарда су басу қаупі жоқ.
Иманқұловтың айтуынша, республикада төтенше жағдайды жою үшін 5108 адам мен 1456 техника жұмылдырылған.