Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді", – деп мәлімдеді синоптиктер.
Болжамға сәйкес, антициклон республика аумағына жылдам таралады. Ең алдымен салқындау солтүстік өңірлерді қамтиды, кейін суық ауа райы шығысқа және Қазақстанның басқа да бөліктеріне жетеді.
14 қаңтарда солтүстік өңірлерде, ал 15 қаңтарда Қазақстанның шығыс бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градусқа дейін төмендейді.
Ауа райы тұрақты аязды сипатта болғанына қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!