28 қыркүйек 2020 15:41

Қазақстанда 39 баладан Кавасаки синдромы анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Наурыз айынан бастап Қазақстанда 2,5 мың баладан коронавирус анықталған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Наурыз айынан бастап Қазақстанда 2,5 мың баладан коронавирус анықталған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаеваның айтуынша, балаларда коронавирустық инфекциядан кейін пайда болатын Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты.

"Қорқытып, үркітетін ауру емес" - дәрігер Кавасаки синдромы туралы

"Бүгінде 39 балада осы синдром анықталды оның ішінде балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты, ал 40 пайызы әлі ем алып жатыр. Бұл синдромның клиникалық белгілері - дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, ол 24 сағат немесе одан да көп уақытқа созылады, дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит, аяқтың ісінуі.

Үйде емделудің қажеті жоқ, өйткені ол синдром ауыр өтеді, кейде тіпті қарқынды реанимациялық көмекті қажет етуі мүмкін, сондықтан егер осындай белгілер байқалса, учаскелік дәрігерді шақыру керек", - деді Риза Боранбаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети