Қазақстанда 400 мың вейп жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 400 мың вейп жойылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 400 мың вейп жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 400 мың вейп жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі адамдардың денсаулығына зиян келтіретін акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электрон құрылғылар жойылған.

"2024 жылғы 20 маусымда вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері ҚМА вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 дерегін тоқтатты. Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электрон құрылғы, сондай-ақ, 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Елордада вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды. Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген.

5 мыңнан астам темекі қоспасымен толтырылған дайын вейптар, 235 литр химиялық заттар - глицерин және пропиленгликоль, хош иістендіргіштер, сондай-ақ, оларды өндіруге арналған құрылғылар анықталды.

"Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электрон құрылғы болды. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырған. Сот үкімімен бұл адам сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды. Электрон құрылғыларды шегу барысында бөлінетін буларда 30-дан астам қауіпті заттардың бар екені анықталған, ал қыздырылған кезде бөлінетін канцерогендердің концентрациясы едәуір ұлғаяды", - делінген хабарламада.

Бұл жасөспірімдердің денсаулығына, зейінін шоғырлануына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети