Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап болады Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

"Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанды: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети