28 маусым 2021 | 11:31

Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап болады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның көп аймағында температуралық фон жоғарылайды. Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты.

"Тек республиканың батысында шілденің алғашқы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл ауа температурасының төменеуіне ықпал етеді: түнде 17-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15-22, күндіз 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-25, күндіз 35-42 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін көп аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram