28 маусым 2021 08:54

Найзағай және аптап. Синоптиктер ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Қазақстанда аптап болады. Қазгидромет өкілдері еліміздің көптеген аймағына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда аптап болады. Қазгидромет өкілдері еліміздің көптеген аймағына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 маусымда Алматы облысында күндіз кей жерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Күндіз 28-30 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай соғып, бұршақ жауады. 28-30 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін аптап болады, төтенше өрт қаупі бары хабарланды.

Қызылорда облысында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

28-29 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі жайлы хабарланды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Күндіз 28-29 маусымда кей жерлерде 35-38 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

28 маусымда Ақмола облысында найзағай соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 38 градус аптап сақталады, өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде 36 градусқа дейін ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Күндіз кей жерлерде 42 градусқа дейін аптап болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети