Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады ©Тұрар Қазанғапов

Осы демалыс күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында термометр бағаны 42 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы демалыс күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында термометр бағаны 42 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

"Каспий теңізінің солтүстігінде тұрған циклон алдағы үш күн ішінде жайлап солтүстік-шығысқа қарай ауысады, сөйтіп Қазақстанның батыс облыстары аумағында өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы 33-41 градус ыстықтан 25-33 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың басқа облыстарына жоғары атмосфералық қысым бұрынғысынша ықпал ететін болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз, аптап ауа райы сақталады, күндізгі температура 27 градустан 37 градусқа дейін жоғарылайды, Қазақстанның оңтүстік және орталық бөліктерінің кей жерлерінде 38-42 градусқа дейін ыстық болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Мұндай температура көпжылдық орташа мөлшерден 3-7 градусқа жоғары. Дүйсенбі, 11 тамыз күні солтүстік облыстарда өткінші жаңбыр жауып, соның әсерінен ғана аптаптың беті қайтуы мүмкін.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети