Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін Фото: elements.envato.com

Қазақстанның сегіз облысында ыстық, шаңды дауыл және қатты желге байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның сегіз облысында ыстық, шаңды дауыл және қатты желге байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түркістан облысында 14 шілде күндіз 40 градусқа дейін ыстық болып, 14-15 шілдеді Түркістан облысында шаңды дауыл және шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүкін.

Шымкентте 14-15 шілде таңертең және күндіз шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түркістанда да 14-15 шілдеде шығыстан соққан желдің жылдамдығы осындай болады деп болжанды.

Қызылорда облысында 14 шілдеде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз 43 градус ыстық болуы ықтимал. Қызылорда қаласында 14 шілде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, шаңды дауыл болады. 41 градус ыстық болуы мүмкін.

14 шілде Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оралда 14 шілде күндіз оңтүстік-шығыстан соққан екпінді желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Осы күні Қарағанды облысында солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жезқазғанда солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында 14-16 шілде күндіз 35-39 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін. Қостанай қаласында 14-16 шілде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

14 шілдеде Маңғыстау облысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан соққан жел кейін солтүстік-батысқа ауысып,  жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндік кей жерде күн күркіреп, 38-41 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында 14 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

14 шілдеде Атырау облысының кей жерінде түнде күн күркіреп, күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Кей жерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети