Қазақстанда 5 градусқа дейін күн суытады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 5 градусқа дейін күн суытады

Қазгидромет 19, 20, 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 19, 20, 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклоны әсерін жалғастырады. Соның әсерінен көшпелі бұлтты болады, найзағай ойнайды, жаңбыр, күндізгі сағаттарда бұршақ жауады, жел соғады.

19 тамызда батыста және шығыста, 20-21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C-қа дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети