Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызылады Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Жасыл Қазақстан" Ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Жасыл Қазақстан" Ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны жақсарту үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу қажеттілігі туралы ереже күшіне енеді.

Бұл шара әрбір кәсіпорынның шығарындылары туралы жедел және сенімді ақпарат алуға бағытталған. Бұл бақылауға және шығарындыларды асыра бағалау кезінде шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы 66 мың гектар аумаққа ағаштар отырғызылған.

"Биыл бірқатар өңірде жергілікті деңгейде қаржыландырудың әлсіздігінен белгіленген межеге қолжеткізе алмау қаупі бар.

Айта кетерлігі, былтырдан бастап экологиялық төлемдер экологиялық жағдайды жақсарту шараларына бағытталуы тиіс", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Жобаның негізгі мақсаты – ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқаруды, су ресурстарын және орман шаруашылығын жақсарту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети