Қазақстанда 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізіледі

5 қаңтардан бастап COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген нысандар қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 қаңтардан бастап COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген нысандар қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР сынамасы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, кейінгі 3 ай ішінде ауырып сауыққандар) болған жағдайда рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар омикрон штамының таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде анықталды, ал 30 қарашада ол небәрі 10 елде анықталған болатын.

Айта кетейік, коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы дельта штамына қарағанда 5 есе жоғары, қайта жұқтыру қаупі де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше ай ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети