Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 миллирад теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 миллирад теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 миллиард теңге қарастырылған болатын. Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған.
"ҚМА өңірлік Департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 миллирад теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 миллиард теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 миллион теңге болған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!