01 ақпан 2024 | 09:23

Қазақстанда 500 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкнот ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Былтыр желтоқсанда Қазақстанда жаңа "Сақ стилі" сериясының бес мың банкноты айналысқа шықты. Ұлттық банк мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Былтыр желтоқсанда Қазақстанда жаңа "Сақ стилі" сериясының бес мың банкноты айналысқа шықты. Ұлттық банк мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңгелік банкнот шығару жоспарланған. Жалпы осы серия аясында 2025 жылдың аяғына дейін банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланған. 500 теңгеден басталып, номиналы 20 000 теңгелік банкнотпен аяқталатын жаңа серия", - делінген Ұлттық банк Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шыққаннан кейін бұрынғы дизайндағы банкноттар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады.

"Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллель айналыс мерзімін 1 жылға белгілейді. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Параллель айналыс кезеңінде ескі және жаңа банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен аударымдардың барлық түріне қабылданады. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалында, Қазпоштада және екінші деңгейлі банктерде шектеусіз айырбастауға болады", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Параллель айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен "Қазпошта" ескі банкноттарды тағы 3 жылға жаңасына ауыстырады. Осы кезеңнен кейін Ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды шектеусіз айырбастауды жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети