Қазақстанда 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған  Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2020 жылы бюджеттен бөлінген қаржының 570 миллиард теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы бюджеттен бөлінген қаржының 570 миллиард теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бюджетті қолданудыдың тиімділігі. Әлі күнге бюджетті иемденуге деген бақталастық бар, мұның сұралымы да көп. Ал сананы нәтижеге бағыттау әзірге орындалып жатқан жоқ. 2020 жылы бөлінген бюджет қаражатының 570 миллиард теңгесі тиімсіз қолданылған. Мұнда республика бюджетіне қайтарылған қаражат пен бақылау шотынан артылып қалғаны да кіреді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар анықтаған заңбұзушылықтар, соның ішінде дағдарысқа қарсы қорды жұмсау да бар", - деді Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның сөзінше, бұл қаржы пандемия зардаптарын жеңілдетуге дер кезінде жұмсалмаған. Сол себепті Есеп комитеті мемлекеттік қорды дұрыс қолданылмауына жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру жұмысын жалғастыру маңызды деп санайды. Ведомство аталмыш жұмысты былтыр, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгеріс енгізу кезінде бастаған еді.

"Қаржыны қолдану және алынған нәтиженің сапасын қайта қарастыру мәселесі бұрын пайда болған", - деп қосты Наталья Годунова.

Бұдан бөлек, Годунова Қазақстанға сырттан қарыз алу және оны ұтымсыз пайдалануға дербес жауапкершілік енгізу қажет екенін айтты. Басшының сөзінше, мұнай-газ саласына тәуелділік төлем балансы мен ұлттық валютаның тұрақсыздығына әсер етсе, өсіп жатқан мемлекеттік қарыздар елдегі макроэкономикалық тұрақтылық үшін қатер туғызып отыр.

Бұған дейін Есеп комитеті Қазақстандағы дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген қаржыдан 355 миллиард теңгеге заңбұзушылық анықтағанын хабаралаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети