11 қазан 2023 12:12

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасының жаңа траншы бірнеше минутта бітіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

rawpixel.com/Freepik rawpixel.com/Freepik

Қазақстандықтар тағы да "7-20-25" жеңілдетілген ипотекасына құжат тапсыру мәселесіне тап болды. Бұл жолы өтінімдерді қабылдау басталғаннан кейін ЦентрКредит Банкінің сайтында ақау пайда болып, бірнеше минуттан кейін лимит таусылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар тағы да "7-20-25" жеңілдетілген ипотекасына құжат тапсыру мәселесіне тап болды. Бұл жолы өтінімдерді қабылдау басталғаннан кейін ЦентрКредит Банкінің сайтында ақау пайда болып, бірнеше минуттан кейін лимит таусылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека бере алатын қазақстандық банктер төртінші транш бойынша өтініштерді қабылдауды бастады.

"Банк ЦентрКредит 11 қазанда сағат 10:00-де өтінім беру мүмкіндігін алдын ала хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі сайттың жұмысын тексерді. Белгіленген уақытта сайтта "Что-то пошло не так" деген жазу шығып, ақау пайда болды. Шексіз әрекеттерден және "жаңарту" батырмасын басқаннан кейін, өтінімдерді қабылдау аяқталғаны және шекке жеткені туралы хабарлама шықты.

"Ағымдағы тоқсанда барлық банкке 5 миллиард теңге бөлінді. Жеңілдікті бағдарлама бойынша 7 банк, соның ішінде біздің банк те ипотека бере алады. Біз алдыңғы кезеңдердегідей онлайн кезекке өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын алдын ала хабарладық. Өтініш беруге ниет білдіргендер көп болды, сол себепті лимит тез таусылды. 11 қазанда таңертең 12 мыңнан аса бірегей пайдаланушы өтінім беру үшін "7-20-25" (bcc.kz сайты) онлайн-ипотекалық кезек бетіне кірді. Өткен кезеңде бұл көрсеткіш 13 мың бірегей пайдаланушыдан асты", - деп түсіндірді "Банк ЦентрКредит" АҚ PR директоры Сәкен Нығмашев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети