18 маусым 2024 | 16:48

Қазақстанда 7 миллиард теңгеден аса қаржыны негізсіз жұмсаудың алды алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 миллиард теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 миллиард теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал әкімдігінің 45 миллион теңге сомасына бейнеконференцбайланыс жабдығын сатып алуын тоқтатты, себебі ұқсас жабдықтың нарықтық құны шамамен 4 миллион теңге болады.

Шымкент еріктілері білім басқармасы және бірнеше мектептермен жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша сатып алуды қайталау дерегін анықтаған. Уақытылы ден қою нәтижесінде бюджет қаражатының 78 миллион теңге сомасында тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Түркістанда еріктілер жылу энергиясын есептеу кезінде тарифтерді негізсіз көтеру дерегін анықтаған. Көп қабатты тұрғын үйлерде есептеу құралдары орнатылғанына қарамастан, есептеу шаршы метрмен жүргізілген, бұл жылыту құнының өсуіне әкелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің 2 мыңнан астам тұрғыны үшін шамамен 13 миллион теңгеге қайта есептеу жүргізілді.

Елордада еріктілер "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша берілген 30 пәтердің жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлер радиаторлар мен электр розеткаларының болмауы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да ақаулар сияқты көптеген кемшіліктерді жойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қызметінің арқасында халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық бақылау қамтамасыз етілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.16   534.99   5.18 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети