Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде және батысында найзағай, бұрқасын, орталықта құмды дауыл болады деп күтіледі. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Нұр-Сұлтанда 9 мамырда күндіз құмды дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстік-шығысында құмды дауыл соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында нөсер жауады. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде құмды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 17-22 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр болады.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр.
9 мамырда Түркістан облысының таулы, тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстік-батысында құмды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр.
Шымкентте найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!