ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2020 | 16:44
Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды
Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
"Қазақстанда 992 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. 8 мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар бар. Вирустың белгілері байқалған жағдайда олар бірден ауруханаға жатқызылады", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
"Бүгінде 60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр", - деді Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. "Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также