05 наурыз 2020 16:44

Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.


Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Қазақстанда 992 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. 8 мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар бар. Вирустың белгілері байқалған жағдайда олар бірден ауруханаға жатқызылады", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

"Бүгінде 60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр", - деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. "Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети