06 наурыз 2020 09:17

Уханда коронавирустан айыққан ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Уханда осыған дейін коронавирустан айығып, ауруханадан шығарылған 36 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды South China Morning Post.


Уханда осыған дейін коронавирустан айығып, ауруханадан шығарылған 36 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды South China Morning Post.

Басылымның мәліметінше, Ли Лян есімді ер адам 12 ақпанда ауруханаға жатқызылған. Екі апта емделіп, ауруханадан шығарылып, 14 күн карантинге жатқызылған.

Әйелінің айтуынша, ауруханадан шыққан соң екі күннен кейін күйеуі әлсірей бастаған. Ал 2 наурызда жағдайы нашарлап, қайта ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

Уханның денсаулық сақтау комиссиясы берген қайтыс болу туралы куәлікте ер адамның COVID-19 вирусынан қайтыс болғаны көрсетілген.

Басылымның мәліметінше, 4 наурызда осыған дейін ауруханадан шыққан науқастар қайта ауруханаға жеткізілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети