01 ақпан 2022 10:00

Қазақстанда А тұмауының вирусы тарап жатыр - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, сырқаттанушылықтың өсуі жыл сайын қаңтар және ақпан айларында төмендейді.

"Эпидемиялық маусым басталғанға дейін 2,7 миллионнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды, бұл республика халқының 14 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта республика бойынша А тұмауы вирусы таралып жатыр. Тұмаудың 500-ден астам жағдайы анықталды. 

Қаңтардың екінші онкүндігінен бастап тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, 2019 жылдың эпидемиологиялық маусымымен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге өсті. Соңғы аптада ауру жұқтырудың жоғары деңгейі сақталды, ал балалар арасында ауру жұқтыру 13 пайызға өсті", - деді Ғиният үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, офлайн оқыту жағдайында балалар арасында коронавируспен де, ЖРВИ-мен де сырқаттанушылықтың жоғарылау қаупі бар.

"Тұмау мен ЖРВИ-ді алдын алу шаралары коронавирустың алдын алу шараларына ұқсас және дәл сондай өзекті: бұл маска режимін сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау. Егер аурудың белгілері болса үйде отырып, басқалардан оқшауланып, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет", - деп қосты министр.

Ғиният ЖРВИ-мен ауыратындардың 50 пайызға жуығы балалар екенін айтты. Министр аумақтардың әкімдері тәрбие және білім беру ұйымдарында профилактикалық шаралардың сақталуына және дер кезінде медициналық көмек көрсетуге назар аударуы қажет деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети