Қазақстанда Абай күні атап өтіліп жатыр

viewings icon 787 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 10 тамызда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 10 тамызда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа мереке 2020 жылы бекітілді, былтыр қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы болды. 5 тамызда бұл күн ресми мерекелер тізіміне енгізілді.

Қазақстандықтар бұл күні демалмайды. 

"Биылдан бастап 10-тамыз "Абай күні" деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Ақынның еңбектері он тілге аударылып, әлемнің беделді кітапханаларына жіберілді. Шетелдегі елшіліктеріміздің жанынан Абай орталықтары ашылды. Бірақ бұл тек алғашқы қадам ғана, келешекте мүмкіндікке қарай Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абай академиясы құрылды. Бұдан былай академия ақын шығармашылығын жүйелі зерттеумен айналысады. "Абай" телеарнасы өз жұмысын бастады. Жоғары оқу орындарында "Абайтану" курсын оқыту қолға алынды. Қазақ қоғамында өзіндік орны бар Семей қаласы "тарихи орталық" ретінде белгіленді. Осындай игі шаралар ұлы ойшылдың баға жетпес мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін жасалды. Бүкіл түркі әлемінде Абай философиясын дәріптеу ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткіздік", - деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы айтқанын, мұның стратегиялық маңызы бар міндет, кезек күттірмейтін мәселе екенін айта келе, ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ деді.

"Абай - мемлекет ісінің мүдделесі, бірлігі жарасқан жұрт болу идеясының жақтаушысы. Ол өз шығармалары арқылы ел еңсесін тіктеуге зор үлес қосты. Ұлы ақын ұлтты ұйыстырып, әділетті  қоғам құруға үндейді. Біз ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Түйткілді мәселені мемлекет пен қоғам өкілдерінің бірлесе талқылауы - өркениетті қоғамның белгісі. Мұндай пікір алмасу халықтың билікке деген сенімін арттырады, тұрақтылықты нығайтады. Билік пен бұқараны жақындастыратын осы идеяның бастауында ұлы Абай тұр деп сеніммен айта аламыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Абайдың туған күні Юлиан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 10 тамызы, ал қазір қолданылып жүрген Григориан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 23 тамызы саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
11°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro