08 қыркүйек 2020 | 09:59

Қазақстанда адам өлімі көп тіркелетін облыстар аталды

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның қай өңірінде адам өлімі жиі тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның қай өңірінде адам өлімі жиі тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда елімізде адам өлімі 2,5 пайызға азайды.

Мәліметтерді Статистика комитетінің сарапшылары келтіреді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 65 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5 пайызға аз.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі қалалықтар - 39,5 мың адам, ауылдықтардың үлесі - 25,4 мың адам. 

"Басқа өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында адам өлімі жиі тіркелген: 6,9 мың адам. Екінші орында Алматы облысы: 6,8 мың адам, үшінші орында Қарағанды облысы: 6,5 мың адам қайтыс болған", - дейді сарапшылар.

Өлімнің негізгі себебі - қатерлі ісік, қан айналымы жүйесі, тыныс алу аурулары. Тұмау, жедел респираторлы аурулар және пневмониядан адам өлімінің 2,1 мың дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға аз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети