Қазақстанда адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды Фото:depositphotos.com

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.


Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Ш. адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.

"Атап айтқанда, Ш. соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта адам саудасы дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course up  582.69  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети