Қазақстанда адамдарды сурет, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін екені рас па?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда адамдарды сурет, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін екені рас па?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан "қоғамдық орындарда адамдарды суретке, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін" деген ақпарат қаншалық рас екені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан "қоғамдық орындарда адамдарды суретке, видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін" деген ақпарат қаншалық рас екені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Сенат дәлізінде министрден массмедиа туралы заңға түзету енгізу жоспары туралы сұрады. Аида Балаева қазір бұл мәселені жұмыс тобы талқылап жатқанын айтып, БАҚ өкілдеріне қатысуды ұсынды.

"Ештеңеге тыйым салғымыз келмейді. Кез келген жерде адамдарды рұқсатсыз түсіруді шектегіміз келеді. Лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер бары түсінікті, біз үйреніп қалдық. Бірақ пранктер, белгілі бір адамдардың рұқсатынсыз түсірілетін кейбір түсірілімдер бар. Сондықтан бұл норманы сіздермен талқылаймыз, өйткені жұмыс тобы енді ғана құрылып жатыр", - деді министр.

Бұл дегеніміз - кадрда көрінсе, әр адамнан рұқсат сұрау деген сөз. Келісімсіз сурет немесе видеоға түсіруге, жариялауға болмайды. Министрдің айтуынша, азаматтар уәкілетті органдарға олардың келісімінсіз түсірілген және жарияланған кадрларға жиі шағымданады.

Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық орында сурет, видео түсіруге рұқсат етілген, бірақ адамдардың суретін пайдалануға шектеу бар. Адамдарды сурет не видеоға олардың келісімінсіз түсіре аласыз. Бірақ бұл олардың қызметіне, қоғамдық жұмысына қатысты болмаса немесе адам қоғамдық іс-шараға қатысушы болмаса, оны жариялауға болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети