20 қараша 2020 | 14:27

Қазақстанда адамды танитын функциясы бар камералар жұмыс істеп тұр ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазнетте елімізде адамды тану жүйесі бар камералар орнатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. StopFake.kz порталының мәліметінше, ақпарат жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте елімізде адамды тану жүйесі бар камералар орнатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. StopFake.kz порталының мәліметінше, ақпарат жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте қолданысқа енгізілетін FacePay жүйесі туралы жаңалыққа сілтеме жасаған. Оның жұмыс істеу принципі адамдарды тануға қабілетті "ақылды камераларға" негізделген. Мұндай жаңашылдық жол ақысын автобустағы камераға қарап қана төлеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл құрылғылар жүйеде тіркелмеген адамдарды анықтай алмайды. Әр адам дерекқорға өзін-өзі енгізуі тиіс. Ол үшін ЖСН жазып, Telegram-ботқа селфи жіберу керек.

Елордалық билік жүйені өткен жылдың қазанында енгізуді жоспарлаған болатын. FacePay екі автобуста тестілік жүйеде іске қосылды. Бірақ пандемияның басталуына байланысты сынақтар аяқталмай қалды. Жүйенің осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласында да, еліміздің басқа қалаларында да қоғамдық көліктерде енгізілмеуінің де себебі осы.

Қазақстанның көшелерінде бет-әлпетті тану жүйесі бар камералар жоқ.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының балансында тұлғаны тану жүйесі бар камералар жоқ. Бетті тану жүйесі енгізілмегендіктен мәліметтерді жинау жүргізілмейді", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілі.

Демек, Қазақстанда "ақылды камералардың" көмегімен мәліметтерді жинау бойынша ауқымды шара жүргізіліп жатыр деп алаңдауға еш негіз жоқ, деді StopFake.kz журналистері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети