Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрманбетова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан Үкімет сағаты барысында мәлімдеді. Депутат әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды ұсынып отыр.

"Тәуелсіздік табалдырығында енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдалану жалғасып келеді. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болар. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды мақсатқа сай деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс, не ең төменгі жалақы мөлшері шамасында", - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағаты отырысында.

Нұрманбетованың айтуынша, биылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20 пайызға жеткен.

"Яғни, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі енді азаматтарды тиісті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын бастауды ұсынамыз", - деп қорытындылады депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети