Сенат депутаты Андрей Лукин ағаш кесу туралы заңнаманы жетілдіріп, "Қызыл кітапқа" енген ағашты кесуге рұқсатты нормадан алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат депутаты Андрей Лукин ағаш кесу туралы заңнаманы жетілдіріп, "Қызыл кітапқа" енген ағашты кесуге рұқсатты нормадан алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенатор Андрей Лукин заңнамалық реттеудегі олқылықтарға наразы. Сенатор вице-премьер Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажет екені туралы мәселені көтерді.
Ол кейінгі бірнеше жылда ағашты жаппай заңсыз кесу туралы жаңалықтар бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жариялана бастағанын айтты.
"2020 жылы Алматы, Шымкент қалаларында рұқсатсыз және өтемақысыз жол салу кезінде "Қызыл кітапқа" енген емен ағаштарының кесілуі қоғамда кеңінен резонанс тудырды. Оның салдарынан 2 мыңнан аса ағаштар мен бұталар кесілді. Орман кодексінің жетілдірілмегендігі, қолданыстағы нормалар ағаш пен бұталарды кесуден жеткілікті қорғай алмайды", - деді сенатор Сенат отырысында.
Оның айтуынша, ережені бұзғаны үшін немесе ағаш пен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
"Адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келтірілген зиянды анықтау қажет. Бұл ретте залалды есептеу үшін уәкілетті орган белгіленбеген, залалды анықтау әдістемесі әзірленбеген, кінәлі адамдар жазасыз қалады", - деп қосты Андрей Лукин.
Осыған байланысты сенатор министрлер кабинеті мүшелерінің назарын заңнаманы жетілдіру мәселесіне аударуды және Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесуге рұқсатты нормадан алып тастауды сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!