Қазақстанда ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды Фото:elements.envato.com

Қазақстанда оқушылар ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда оқушылар ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаеваның айтуынша, қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау нәтижесі 1-сынып оқушысына бір мезгілде үш тілді үйрену қиын екенін көрсеткен.

"1-сыныпта бала жас ерекшеліктеріне сәйкес, ана тілінде тыңдауды, оқуды, сауатты жазуды, өз ойын айтып үйренуі өте маңызды. Осылайша, қазақ мектептерінде 1-сыныпта балалар тек қазақ тілін үйренеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерге келетін болсақ, онда орыс және қазақ тілдері оқытылады. Ағылшын тілі 3-сыныптан басталады", - деді Тыныбаева.

Ведомство өкілі осы жаңалық туралы ақпаратты растады.

"Иә, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқушылар шет тілін 3-сыныптан бастап оқиды. Бұған дейін үш тіл (қазақ, орыс және ағылшын) мектеп бағдарламасына 1-сыныптан бастап енгізілген еді", - деді БҒМ баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети